Степногорск қаласында абаттандыру ережелерін бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру ережелерін бұзу, инфрақұрылым объектілерін бұзу және жасыл желектерді бүлдіру әкімшілік жауаптылыққа әкеліп соғады.
Барлық тұрғындар мен бизнес өкілдерін жауапкершілікті көрсетуге, белгіленген нормаларды сақтауға және қаламыздың тазалығын сақтауға шақырамыз.