«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафонына қатысушылар Байқоныс ауылынан жолға шығады

«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафонына қатысушылар Байқоныс ауылынан жолға шығады

2025 жылғы 2 мамыр күні Байқоныс ауылында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне қатысушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 10-14 мамыр аралығында өтетін бұл ерекше шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Иран, Мажарстан елдерінен келген спортшылар қатысады. Ақмола облысының намысын қорғау үшін Байқоныс ауылынан 5 шабандоз жолға шығады. 1300 шақырымдық қашықтықты қамтитын марафон – көшпелілердің батылдық, төзімділік, табиғатпен үйлесімде өмір сүру, өзара көмек көрсету сынды қасиеттерін ұрпаққа үлгі етуді мақсат етеді. Мерекелік жиын барысында ауыл тұрғындары мен қонақтарға арналып шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, дәстүрлі қонақжайлылық белгісі ретінде киіз үйде ақ дастарқан жайылды. Іс-шараға Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ жол тіледі. Ауыл ақсақалы да марафоншыларға ақ батасын берді. Өңіріміздің намысын абыроймен қорғайтын шабандоздарымызға жеңіс пен сәттілік тілейміз! Ақ жол, жігіттер!