Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бейбітшілік пен татулықты ту еткен, сан ұлттың достығын дәріптейтін, ел бірлігінің символына айналған ерекше мейрам. 1 Мамыр – еліміздегі әр этностың тілі мен мәдениетіне, дәстүрі мен салтына деген құрметтің, бірлігіміздің символы. Бірлік – еліміздің берік тірегі, болашағымыздың кепілі.

Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде Ассамблея татулық пен тұрақтылықтың, сенім мен ынтымақтастықтың үлгісіне айналды. Бұл жарқын мереке баршамызға достық пен сыйластықтың маңызын еске салып, ел бірлігін нығайта түссін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбіт өмір тілеймін!

Құрметпен, қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы