
25 сәуір күні қала әкімі жол жөндеу және аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарының орындалу барысымен танысты. Аралау барысында жаңа қоқыс контейнерлерін орнатуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ескерткішінің қайта жөндеу жұмыстары тексерілді. Аралау нәтижесінде жауапты ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.