2025 жылғы 26 сәуірде жалпықалалық сенбілік өткізу жоспарлануда

2025 жылғы 26 сәуірде жалпықалалық сенбілік өткізу жоспарлануда

2025 жылғы 26 сәуірде 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында жалпықалалық сенбілік өткізу жоспарлануда. Қала және оған іргелес елді мекендердің барлық тұрғындарын осы шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл күні біз сүйікті қаламыздың тазалығы мен тәртібі үшін бірігеміз. Баршаңызды – қала тұрғындарын, ұйым қызметкерлерін, кәсіпкерлік субъектілерін – өз аулаларының, кеңселерінің, дүкендерінің, дәмханаларының және басқа да нысандарының маңайын тазалауға шақырамыз. Келіңіздер, бірге күш біріктіріп, қаламызды таза әрі жайлы етейік!