Кеше Ақсу ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге әкім орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қалалық мәслихаттың төрағасы, ТЖ, полиция басқармасы, прокуратура өкілдері және Ақсу ауылының әкімі қатысты. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Әрбір мәселе бойынша нақты жауаптар мен түсіндірмелер берілді. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті құрылымдарға және жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар жүктелді.