Құрметті қала тұрғындары!
2025 жылғы 21 сәуір мен 31 мамыр аралығында Степногорск қаласында және қалаға қарасты елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту айлығы деп жария етіледі.
Барша тұрғындарды, ұйымдар мен кәсіпкерлерді туған қаламыздың аумағын тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз!
Әр бейсенбі жалпықалалық сенбілік күні болып жарияланады.
Сондай-ақ, 21 сәуір мен 20 мамыр аралығында ең көгалдандырылған және абаттандырылған ауланы анықтау мақсатында «Жасыл аула» қалалық байқауы өткізіледі. Осы уақыт ішінде тұрғындар өз аулаларын абаттандыруға қатыса алады, көгалдандыру және абаттандыру нәтижелерін ұсына алады.
Қаланы бірге көркейтіп, таза әрі жайлы орта құрайық! Степногорск әрқайсымыздан басталады!