19 сәуір күні қала әкімі Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштің жөндеу жұмыстары барысын бақылады. Ескерткіш – ерлік пен елдік символы. Сондықтан жөндеу сапасына ерекше назар аударылды. Мердігер мекемеге жөндеу жұмыстарын 1 мамырға дейін толық аяқтау тапсырылды. Бұл игі іс – ерлердің ерлігін ұрпаққа үлгі ету, олардың рухына деген құрметіміздің көрінісі.