Өткен Наурыз мерекесіне орай, жұмысшы мамандықтар жылы аясында, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында зауыт басқармасы аумағында кәсіпорын қызметкерлері үшін мерекелік іс-шара өтті. Алаңда дәстүрлі киіз үй орнатылды, оның ішінде комбинат қызметкерлеріне арналған ұлттық тағамдары бар жомарт дастархан жайылды. Мерекелік көңіл-күйді «Горняк» орталық мәдениет сарайының әртістері сыйлады, олар қазақ әндері мен билерімен жарқын концерттік бағдарлама дайындады. Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткендерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!