
Қала әкімдігінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Степногорск қаласының әкімдігінде Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға түрлі саладағы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер қатысты. Жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос орындар туралы толық ақпарат алды, түйіндемелерін ұсынды және әңгімелесуге шақырулар алды.
Бұл жәрмеңке — қала тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға және еңбек нарығындағы белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды әрекет.