Қала басшысы автобекет ғимараты мен орталық базарға барды

Қала басшысы автобекет ғимараты мен орталық базарға барды

Кеше қала басшысы күрделі жөндеу жүріп жатқан автобекет ғимаратына барды. Сапарға сондай-ақ оның орынбасары, салалық бөлім басшылары, мердігер ұйым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тексеру барысында нысанның қазіргі жағдайы, пайдалану мәселелері және жөндеудің аяқталу мерзімі талқыланды. Қала басшысы мердігерлерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, осы сапар аясында қала әкімі орталық базарға барды. Онда ол сауда нысандарын аралап, азық-түлік өнімдерінің жеткізілу көздерімен, баға деңгейімен танысты.