
Бүгін қала аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті. Іс-шараға қала әкімі, оның орынбасарлары және әкімдікке қарасты барлық дербес бөлімдердің қызметкерлері мен ведомстволық ұйымдар қатысты. Сенбіліктің басты мақсаты – қала тазалығын жақсарту және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Жұмыс барысында қала көшелері мен аула аумақтары, жұмыс орындарының аумақтары, сондай-ақ орман-саябақ аймағы және т.б. тазартылды.