Қала әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Қала әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Кеше қала әкімі орынбасарларымен, бөлім басшыларымен және қалалық мәслихат төрағасымен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Жұмыс сапары аясында делегация спорт колледжі мен «Мирас» мәдениет үйінің ғимараттарын қарап шығып, олардың жағдайымен және пайдалану мәселелерімен танысты. Сонымен қатар, қала басшысы Ұлы Отан соғысы ескерткішінде болып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында аталған нысандарды жаңғырту және одан әрі пайдалану бойынша өзекті мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берілді.