
20 наурызда «АМАNАТ» партиясы Степногорск аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауында Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлының қатысуымен кезекті азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдау барысында қала тұрғындары әлеуметтік-коммуналдық сипаттағы мәселелерді көтерді. Тұрғындарға өздерін мазалаған сұрақтарға түсініктемелер айтылды, сондай-ақ оларды шешу бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.