Қала басшысы депутаттық сағатқа қатысты

Қала басшысы депутаттық сағатқа қатысты

18 наурыз күні қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Олжас Аманжолұлының төрағалығымен өткен депутаттық сағатқа Қоғамдық кеңес төрағасы Владимир Алексеевичпен бірге қатысты. Жиынға дербес бөлім басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, ауылдық және кенттік округ әкімдері, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Талқылау барысында депутаттар өзекті мәселелерді көтеріп, оларға тиісті мамандар тарапынан түсініктемелер берілді.