7 наурыз күні «Горняк» мәдениет сарайында көктемнің ең шуақты, ең әсем мерекесіне — 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шараға қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы, әкімнің орынбасарлары, қалалық мәслихат төрағасы Олжас Амонжолұлы және де қала тұрғындары қатысты. Қала басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, әйелдердің қоғамдағы ерекше орны мен қала дамуына қосқан үлесін атап өтті. Салтанатты рәсім концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендерге әсерлі әндер, әсем билер және шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Залдағы ерекше атмосфера, жылы лебіздер мен өнерпаздардың өнері мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке соңында барлық әйелдер мен аруларға раушан гүлдері тарту етілді.