
Елімізде биылғы жыл бірнеше маңызды мерейтойлармен атап өтілуде, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Мемлекеттің гүлденуі мен тұрақтылығының негізі – ұлтаралық келісім мен бірлік. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, бүгін алғыс айту күні қаламызда Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бас қосып аймақтық фестиваль өтті. Фестивальге Астана , Көкшетау, Ақкөл қалаларынан этномәдени бірлестіктерінің өкілдерді келді.
«Бірлік қанаттары» аймақтық фестивалінің негізгі міндеттері азаматтық қағидаттары негізінде қазақстандық бірегейлік пен ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ету, «Бірлік даму үшін!» жалпыелдік ұранды ілгерілету,еңбек пен кәсібилік культін дәріптеу арқылы қоғамды дамыту, рухани және адамгершілік құндылықтарды насихаттау.