Ораза Айт мерекесімен құттықтау

Ораза Айт мерекесімен құттықтау

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ораза Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.

Ораза айт мерекесі ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.

Ардақты ағайын! Үлкен тәрбие мектебі, рухани кемелденуге бастайтын Рамазан айында жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін.

Әрбір отбасына амандық, толағай табыс, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Бейбітшілігіміз бен берекелі өміріміз ұзағынан болып, амандық пен саулықта келесі Рамазан айына аман жетуге тілектеспін!

Ораза айт қабыл болсын!

Ізгі ниетпен, қала әкімі Алпысбай Қайыржанов