№11 АГҚ дауылды ескерту 02.04.2024 ж. сағ. 08:00

№11 АГҚ дауылды ескерту 02.04.2024 ж. сағ. 08:00

№11 АГҚ дауылды ескерту 02.04.2024 ж. сағ. 08:00 Аймақтар: Ақмола облысы Р. Қошқарбаева а. – Нұра ө. гидрологиялық бекетінде мұздың жүруімен және мұздың кептелуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі (12 сағат ішінде 71 см-ге) жалғасуда. 08 сағ. жағдай бойынша су деңгейі қауіпті деңгейден 47 см-ге (қауіпті деңгей - 740 см) асқан, су нысанының күйі - сирек мұз жүруі. Су деңгейі қауіпті деңгейден асса да судың жайылуы байқалмады. Қар жамылғысының қарқынды еруінен, өзеннің орта ағысынан, жылғалар мен жазықтардан еріген қар ағынының келуі әсерінен өзендегі су деңгейінің көтерілуі бақыланады. Қарағанды облысының жоғары орналасқан су қоймаларынан су тасталымы ұлғаюынан, еріген қар және бүйірлік ағындардың жетуі әсерінен су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.