Мемлекеттік қызмет көрсету «Жедел медициналық жәрдемді шақыру»

Мемлекеттік қызмет көрсету  «Жедел медициналық жәрдемді шақыру»

Степногорск қаласында жедел медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыруды Ақмола облысының "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК жанындағы жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы жүзеге асырады.

ОЖМЖС Степногорск өңіріндегі ересектер мен балаларға тәулік бойы тегін жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық ұйым болып табылады.

Жедел жәрдем бригадасын шақыру үшін "103" нөміріне қоңырау шалу керек.

Келіп түскен шақыруды диспетчер дерттің сипаты, бейіні бойынша өңделеді,  ЖМЖ-нің  бригадасы келесі жағдайда жіберіледі.

1. жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулар кезінде ЖМЖ көрсету және пациенттерді тасымалдау үшін;

2. науқастың және олардың айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, оның ішінде психикалық аурулар кезінде;

3. босану және жүктіліктің асқынуы кезінде;

4. шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттерді, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары (бұдан әрі - АМСК) мамандарының шақыруы бойынша емдеуге жатқызуға тасымалдау үшін.

АМСК дәрігері науқасты тасымалдау үшін ЖМЖ бригадасын шақыра отырып, өзінің тегі мен жұмыс орнын, атқаратын лауазымын атауға, сондай-ақ тасымалдаудың себебін негіздеуге міндетті.

 

ЖМЖ бригадасы келесі шақыруларды қабылдамайды және оған шықпайтын шақырулар:

1. шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап етпейтін жағдайларда;

2. АМСК көрсететін ұйымдардың жұмыс уақытында өмірге қауіп төндірмейтін жағдайларда медициналық көмек көрсетуді талап ететін;

3. медициналық ұйымдар тағайындаған диагностикалық және емдеу рәсімдерін орындау қажеттілігі кезінде;

4. шұғыл емдеуге жатқызуды қажет етпейтін зардап шеккендерді, пациенттерді және жүкті әйелдерді тасымалдау;

5. сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптама жүргізу;

6. медициналық ұйымдарда консультациялық көмек көрсету;

7. науқастарды ауруханалардан үйге жеткізу;

8. өлім актісін жасау және куәландыру.

 

Жедел медициналық көмекті шақырушы (ПАЦИЕНТ, оның туысы, өзге тұлға) шақыруды қабылдауды жеделдету және ЖМЖ бригадасының күту уақытын қысқарту үшін: фельдшердің ЖМЖ шақыруларын қабылдау және оларды  шақырылған ЖМЖ бригадасына беру жөніндегі барлық сұрақтарына нақты және дәл жауап беруге міндетті.

1. Нақты қоңырау мекен-жайын атаңыз (шағын аудан, көше, үй және пәтер нөмірі, қабат, кіреберіс нөмірі және кіреберіс есігінің құлып коды).

2. Мекен-жайға немесе оқиға орнына жету жолдарын нақтылаңыз.

3.Науқастың шағымдарын, оның жағдайының сыртқы белгілерін мүмкіндігінше дәл сипаттаңыз.

4. Науқастың тоық аты-жөнін, жынысын, жасын атаңыз. Егер қоңырау шалушы пациенттің төлқұжат деректерін білмесе, онда жынысы мен болжамды жасын көрсету керек.

5. Өзіңіздің деректеріңізді және байланыс телефон нөміріңізді хабарлаңыз.

6. Мүмкіндігінше:

- Үйдің қақпасында, кіреберісте немесе белгілі бағдарларда шақырылған бригаданың қарсы-алуын  ұйымдастыру.

- Науқасқа медициналық көмек көрсетуді қиындататын үй жануарларын оқшаулау.

- ЖМЖ бригадасына пациентке кедергісіз жетуді және медициналық көмек көрсету үшін қажетті жағдаймен  қамтамасыз ету.

Пациенттің құжаттары (жеке куәлік, паспорт) болған кезде, оларды ЖМЖ  бригадасына ұсыну.

- Қажет болған жағдайда азаматтар мен ішкі істер органдарының өкілдері, науқасқа немесе зардап шегушіге, сондай-ақ пациенттерді тасымалдау кезінде жедел медициналық жәрдем бригадаларына көмек  көрсетуге міндетті.

Ауруханаға жатқызу қажет болған жағдайда, науқасты жедел жәрдем дәрігерінің рұқсатымен жедел жәрдем машинасында, бір адам еріп жүре алады.

 Үйде қалған науқастарға көрсетілген көмектің толық тізбесі бар учаскелік дәрігер үшін сигнал парағы беріледі.

 

Жедел медициналық жәрдем бригадасына негізсіз шақыруларға жол берген немесе әдейі жалған деректер хабарлаған адамдар "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік тәртіппен жауапқа тартылады, 438 - бап - "Арнаулы қызметтерді жалған шақыру".