«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау»
«Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жанындағы «Оқыту-әдістемелік орталығы» КММ басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мекен-жайы: Степногорск қ., 3 шағын ауданы, №16Б ғимараты.
Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі жанындағы «Оқыту-әдістемелік орталығы» КММ негізгі қызметі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңды, Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу. Мемлекеттік органдарда қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыру. Қазақстан Халықтары Ассамблеясымен, Степногорск қаласы мен кенттердің этномәдени бірлестіктерімен тұрақты байланысты жүзеге асыру. Мемлекеттік және басқа тілдерді білуге арналған конкурстарды ұйымдастыру және өткізу.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: «Қызметтер» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтарының топтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Қонкурсқа қатысқысы келетін адамдар конкурстық комиссияға мына құжаттарды тапсырулары қажет:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
4) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
8) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
9) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
10) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
11) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
12) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
13) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 16 қарашадан пен 30 қараша аралығында «Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімін» ММ жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, № 1 ғимарат, 803 кабинет., тел 7-35-07.