БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2023 жылғы 21 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ Ашық есік күнін өткізеді. 

Күннің басты тақырыбы: "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар".

Әлеуметтік кодексте зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты қандай жаңалықтар қарастырылған? Бұл жағдайда қандай жаңа тәсілдер қолданылады? Бұл жаңашылдықтардың қандай артықшылықтары бар? Олар іс жүзінде қалай жүзеге асырылады? – осы және өзге де сұрақтарға БЖЗҚ мамандары жауап береді. Нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сауалдарға жауап береді.

         Ашық есік күні 2023 жылдың 21 қыркүйегінде 10:00, 12:00 және 15:00 сағатта онлайн-форматта өтеді.

         Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдіруші сілтеме bit.ly/akm0323 бойынша өтуі керек, содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізу қажет: 2513 287 4351  және event-кеңестің паролі: 1234

         "БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары (алушылары) мен Ашық есік күніне қатысуға ниет білдірушілердің барлығын күтеді!