АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Елена Бахмутова: басты бұрышта салымшылар мүддесі тұруы керек 

 

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында отандық зейнетақы жүйесінің

25-жылдығы қарсаңындағы эксклюзивті сұхбат  

 

Қазақстандық зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбаттар топтамасының жалғасы ретінде зейнетақы жүйесін реформалаудың қайнар көзінде тұрған және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеп, іске асыруға қатысқан Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Леонидовна Бахмутовамен әсерлі әңгіме өтті. Ол БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына берген сұхбатында ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшудің ерекшеліктері мен қиындықтары, азаматтар мен мемлекет арасында жауапкершілікті бөлудің әділ теңгерімін көздейтін үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің меншікті қазақстандық моделін құру, жинақтаушы жүйенің неліктен қаржылық тұрғыдан орнықты екендігі, оның табысты жұмыс істеуі үшін қажетті шарттар және т. б. туралы айтып берді. 

Елена Бахмутова эксклюзивті сұхбатында: "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі маңызды мақсатқа қол жеткізді: азаматтарды қолдаудың базалық деңгейін (қауіпсіздік жастығын) қамтамасыз ететін зейнетақы төлемдеріне арналған шығыстар мемлекеттік бюджет үшін әбден болжамды және қолайлы болды. Ал бұл ортақ зейнетақы жүйесі кезінде мүмкін емес еді. Жүйенің жинақтаушы құрамдауышының арқасында азаматтар өздерінің болашақ зейнетақы табыстары үшін дербес жауапкершілікке ие болды. Бұл мемлекеттің азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік беретін ең әділ жүйе, ал қалғанының бәрі адамның өзіне байланысты.  

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың 40 жылдық толық циклы өткен кезде келешек ұрпақтан қалыптасатын зейнеткерлердің лайықты төлемдер алуы үшін елімізде 15 трлн теңгеден астам  зейнетақы активтері түріндегі ұзақ мерзімді активтер, яғни қаржы экономикада жұмыс істеуі керек. Ол үшін сенімді және икемді реттеу, зейнетақы активтерін басқаруды тиімді қадағалау, сондай-ақ, басқару үрдісінде салымшылар мен жеке басқарушы компаниялардың кең мүмкіндіктері болуы қажет. 

Мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі сабақтастықты көргім келеді, оны басқару догма болмауы тиіс, бұл ретте салымшылар мен бүкіл елдің мүддесін басты бұрышқа қою керек", - деген пікірімен бөлісті. 

БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында Бахмутова Елена Леонидовнамен болған сұхбаттың 1 бөлімін 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап мына сілтеме бойынша тамашалаңыз https://www.youtube.com/watch?v=d8tDGijQLrs

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты және пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).