Зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі ұзақ мерзімді талдау бойынша оң нәтижеге ие

Зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі ұзақ мерзімді  талдау бойынша оң нәтижеге ие

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қазанға 14,1 трлн теңгеден асты. Осы сомадан жүзеге асырылған төлемдерді ескергендегі зейнетақы жинақтарындағы жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 36,7% - құрайды.

2014 жылдан бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық кіріс (барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру үрдісінің аяқталуы) 6,8 трлн теңгені құрады.

2022 жылға тән қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен шілде айында тоғыз айдың қорытындысы бойынша оң инвестициялық кіріс алынды. Салымшылар мен алушылардың шоттарына 716,8 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есептелді. Зейнетақы активтері бойынша ҚР Ұлттық Банкі қамтамасыз еткен соңғы 12 айдағы кірістілік (2021 жылғы қазаннан 2022 жылғы қыркүйекке дейін) 7,52 % құрады.

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық кірістің мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдау орынды. Қысқа мерзімді деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалылығына тәуелді.

Мысалы, зейнетақы активтерінің 5 жыл ішіндегі жинақталған кірістілігі 55,8%, жинақталған инфляция 53,7% - құрады.

Егер одан да ұзақ мерзімді кезеңді алсақ, онда жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылғы 1 қазандағы инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен 722,84% болды. Ал бүкіл кезеңдегі инфляция - 646,37%. 

Осылайша, орта және ұзақ мерзімді талдауда зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етілді.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

 

 

           БЖЗҚЕНПФ YouTube арнасынан көптеген қызықты әрі пайдалы ақпараттарды таба аласыз.