Қазақстанда визалардың жаңа түрлері енгізіледі

Қазақстанда визалардың жаңа түрлері енгізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралардың пакеті ұсынылды.

Оларды іске асыру мақсатында Көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде республикада шетелдіктер үшін ерекше жағдайларды көздейтін бағалы дағдылар мен инвестициялық визалар үшін арнайы визалар енгізу көзделетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жаңа Тұжырымдама шеңберінде Қазақстан үшін тапшы және жиі тартылатын кәсіптер бойынша 100 үздік шетелдік маманды тартудың тетігі көзделетін болады. Бұл кәсіби мамандардың міндеті білім трансфері және өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды даярлау болады.

Олар үшін тұруға ықтиярхаты бар «Бағалы дағдыларға арналған виза» енгізіледі және қазақстандық кадрларды озық даярлау үшін үнемі жаңартылып отыратын бағалы дағдылар рейтингі (тапшы кәсіптер мен мамандықтар) қалыптастырылады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жаңа Тұжырымдама жобасында бизнес-иммиграция тәсілдері өзгертіледі.