Айтылды-жасалды: педагогтарды қайта оқыту курстарының мерзімдерінің мерзімділігін өзгерту және біліктілікті арттыру жүйесін қайта жүктеу туралы

Айтылды-жасалды: педагогтарды қайта оқыту курстарының мерзімдерінің мерзімділігін өзгерту және біліктілікті арттыру жүйесін қайта жүктеу туралы


"Білім беру жүйесіне ынталы және білікті мұғалімдер қажет. Мұғалімдерді қайта даярлауды қазіргідей бес жылда емес, үш жылда бір рет жүргізу қажет деп санаймын. Бұл ретте педагогтер курстардан өз есебінен өтетін жағдайларға жол беруге болмайды".
✅ Жасалды:

🔺 Заңға өзгерістер енгізілді және біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімділігі өзгертілді. Мұғалімдер үш жылда бір рет курстардан өтеді.

🔺 Біліктілікті арттыру жүйесін қайта жүктеу жүргізілуде. Педагогтердің кәсіби дамуының үздіксіздігі қағидасы енгізілуде.

Педагогтер үшін орыс және қазақ тілдерінде 12 негізгі пәндік бағыт бойынша 44 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Бағдарламалар білім алушылардың академиялық үлгерімін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

🔺 2022 жылдың 1 тамызынан бастап осы бағдарламалар бойынша оқыту басталды. 18 қарашаға дейін 48 500 педагог оқытылады.

🔺 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әзірленген 8 білім беру бағдарламасы балалардың ойын әрекеті мен үйлесімді дамуына бағытталған. Практикаға бағдарланған тәсілді ескере отырып, орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған білім беру бағдарламалары жаңартылды.