Құрметті Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері және ардагерлері!

Құрметті Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері және ардагерлері!

Құрметті Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері және ардагерлері! Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті — ҚР қауіпсіздігін, адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық әлеуетін қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік орган.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толуы қалыптасу мен даму, ұдайы өзін-өзі жетілдіру жылдарына айналды.
Біздің тәуелсіз еліміздің мемлекеттілігін, көпұлтты Қазақстан азаматтарының сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҰҚК қызметі ерекше орын алады.
Құрметті ел тыныштығы мен бейбітшілігінің сақшылары!
Сіздер бейбітшілік пен келісімді, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, баршаның заң алдындағы теңдігі үшін ауыр жауапкершілік жүгін арқалайсыздар.
Отанымыздың қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жолындағы сіздің жанкешті еңбегіңіз алдағы уақытта табысты болсын, азаматтық ерліктеріңіз асқақтай берсін!
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Тәуелсіз еліміздің жоғары мақсаттарын жүзеге асыруда зор табыстар тілеймін!

🖋️Қала әкімі, Алпысбай Қайыржанов