Құрметтi степногорлықтар!

Құрметтi степногорлықтар!

Сiздердi Жаңа жыл мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл — тың бастамалар мен жоспарлардың кезеңi, әр адамның өз арман-тiлектерiн, сенiмiн еселеп, болашағына үлкен үмiт артатын шақ. Елiмiз тағы бiр жылды артқа тастап, 2022 жылға аяқ басты.

Өтер жыл қиын болса да қаламызда әлеуметтiк-экономикалық маңызды мәселелерi шешiмiн тауып, белсендi жұмыстар атқарылды. Қаламызда тұрғын үйлер бой көтерiп, жолдар жөнделдi, кәсiпкерлiк объектiлердiң саны артты. Бұл — iргелi елдiгiмiздiң, ынтымағы мен бiрлiгi жарасқан степногорлықтардың ерен еңбегiнiң жемiсi. Алдымызда үлкен мақсаттар мен мiндеттер тұр. Оған жету үшiн бiрлiгiмiз бен елдiгiмiздi танытып, тәуелсiздiгiмiздiң әр сәтiн бағалап, аянбай еңбек етсек қана алға қойған әрбiр iс нәтижелi болатынына сенiмдiмiн.

Қымбатты жерлестер!

Барша халық асыға күтетiн осы мерекеде әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ ұялап, бақ-береке дарысын деп тiлеймiн! Айдан аман, жылдан есен болып, халқымыздың бақыты еселенiп, өрiсi кеңейiп, табысы арта берсiн! Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен, қала әкiмi Алпысбай Қайыржанов.