Очередное аппаратное совещание

Очередное аппаратное совещание

Алпысбай Қайыржанов әкімнің орынбасарларымен, қалалық мәслихаттың хатшысымен және депутаттарымен, дербес бөлімдердің, кәсіпорындардың басшыларымен, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің әкімдерімен аппараттық кеңес өткіздім.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілетін іс-шаралар 2. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің 2021 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы; 3. Халыққа, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға вакцинация жүргізу барысы туралы.

Әр айдың тақырыптық бағыттарына сәйкес өткізілетін 155 негізгі жобаның қалалық іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Жыл басынан бері қала бойынша 1000-нан астам түрлі форматтағы іс-шаралар іске асырылды. Оның ішінде, облыстық деңгейде 14, қалалық деңгейде 986 іс-шара өткізілді. Олардың арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелдер, көрмелер, концерттер, білім беру мекемелерінде сынып сағаттары, ашық сабақтар бар.

Ауыл шаруашылығы саласында 6,7 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, жалпы өнімнің нақты көлем индексі 122,7% - ды құрады. Ет өндіру – 549,9 тонна, сүт – 4,7 мың тонна, мал басы-ІҚМ, ұсақ мал, жылқы өсіру қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші кезеңінде вакцинациялауға жататын халық санының (43 900) 58,5% (25 668 адам) егілді. Екінші компонент 53,7% егілді.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, 16-37 аптадағы жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспарға сәйкес тиісті контингентпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектептер бойынша 84 бала және колледждің 12 жасөспірімі вакцинациялауға дайын.

Азаматтарды қайта вакцинациялау 2021 жылғы 22 қарашадан басталады.

Кеңес соңында ағымдағы мәселелер қаралып, бірқатар тапсырмалар берілді.