Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, ардагерлері!

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, ардагерлері!

Сіздерді айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор қарқынды дамып келеді. Әрине, біз одан әрі еңбектеніп, еліміздің игілігі үшін әлеуетімізді арттыра беретін боламыз.

Сарқылмайтын еңбексүйгiштiгiн бейнелейтiн ауыл шаруашылық саласы қызметкерлеріне, өндiрiс озаттарына, барлық диқандар мен мал өсiрушiлерге кәсіби мереке қарсаңында ерекше алғыс пен ризашылығымды бiлдiремiн.

Бар өмірін туған жердің дамуына арнап жүрген сіздерге қаламыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлестеріңізді қосып, табысты еңбек пен төккен тердің жемісін көруге тілектеспін. Өңіріміздің дамуы мен шаруашылықтың шыңдалуы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын.

Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!

 

Қала әкімі, Алпысбай Қайыржанов