Ақсу және Заводской кенттерінде «Ашық есік күні».

Ақсу және Заводской кенттерінде «Ашық есік күні».

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, бүгін қала әкімі Алпысбай Қайыржанов Заводской және Ақсу кенттерінде мемлекеттік органдар, құқыққорғау органдары, коммуналды қызмет ұйымдарының басшыларының қатысуымен тұрғындармен кездесу өткізді.

Атқарылған жұмыстар туралы кент әкімдерінің ақпараты тыңдалды.

Тұрғындар жолдарды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, абаттандыруға, жылу беру маусымының барысына, экологияға, жер сипатына, шағын және орта бизнесті дамытуға және т.б. қатысты мәселелерді көтерді.

Қала басшысы әрбір тұрғынның өтініштерін мұқият тыңдап, уәкілетті органдардың басшыларына қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты көмек көрсету бойынша тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.