Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс сапары.

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс сапары.

Степногорск қаласына жұмыс сапарымен Ақмола облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жаңаділова келді.

Сонымен қатар, дербес бөлімдердің басшыларымен және мамандарымен этикалық нормаларды сақтау мәселесін талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында «Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Әділет Әділ қаланың мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.

Айнагүл Балғожақызы мемлекеттік қызметшілер этикасының барлық нормаларын сақтаудың және кез келген құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, қаланың мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.

Сапар барысында Айнагүл Балғожақызы мемлекеттік қызметшілермен кездесу үшін Ақсу және Заводской барды.