Құрметтi құтқару қызметiнiң қызметкерлерi мен ардагерлерi!

Құрметтi құтқару қызметiнiң қызметкерлерi мен ардагерлерi!

Сiздердi азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 26 жыл толуымен және кәсiби мерекелерiңiз — Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Сiздер төтенше және қысылтаяң жағдайларда степногорлықтарды қорғау бойынша өз қызметтiк парыздарыңызды абыроймен атқарып келесiздер. Сiздердiң есептерiңiзде көптеген iздестiру-құтқару операциялары, ондаған құтқарылған өмiр, зардап шеккендерге көмек көрсетудiң жүздеген жағдайлары бар. Сiздердiң жанкештi еңбектерiңiз, жауапкершiлiк және кәсiбилiк — қала тұрғындарының тыныштығының кепiлi. Әрбiр үйде сiздердiң, батыл мамандығыңыздардың адамдары кез келген жағдайда көмекке келiп, өз өмiрлерiн қатерге тiгiп, қайғы-қасiреттiң алдын алып, азаматтардың денсаулығы мен өмiрiн қорғайтынын бiлетiнiне сенiмдiмiн.

Құрметтi достар! Сiздерге қаламыздың және оның тұрғындарының игiлiгi үшiн одан әрi жемiстi жұмыс, сондай-ақ мықты денсаулық, бақыт, бейбiтшiлiк, жақсылық пен молшылық, қиын, қиыншылықтар мен алаңдаушылыққа толы қызметте табыс тiлеймiн!

Алпысбай Қайыржанов, қала әкiмi.