Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Қайырымдылық керуенi» IV республикалық байқауының басталғанын жариялайды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Қайырымдылық керуенi» IV республикалық байқауының басталғанын жариялайды

Төртiншi рет өткiзiлiп отырған «Қайырымдылық керуенi» байқауы игi iс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейiрiмдiлiк, гуманизм сияқты адамгершiлiк құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтайды.

Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның iскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенi, «Хабар» агенттiгi, «КТК» телеарнасы жүзеге асырады.

Байқауға әлеуметтiк, қоғамдық мәселелердi шешуге үлестерiн қосатын және өзгелердi өздерiнiң игi iсiмен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқауға кәсiпкерлiк субъектiлерi, қайырымдылық қызметi мемлекеттiк қолдаумен (мемлекеттiк грант, мемлекеттiк тапсырыс және т.б.) байланысты адамдар қатыса алмайды.

Лауреаттар мына номинациялар бойынша анықталады:

- «Асар» номинациясы халықтық салт-дәстүрдi сақтауға бағытталған қайырымдылық қызметтi атқаратын жандарға табысталады;

- «Туған жер» номинациясы бiлiм беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтiру және т.б. салаларда туған өлкесiне қайырымдылық көрсеткен лауреатқа табысталады;

- «Батыл жүрек» номинациясы ерлiк пен қайсарлық танытқан адамдарға берiледi. Бұл номинация шеңберiнде шұғыл қызмет (ТЖ, IIМ, Жедел жәрдем және т. б.) қызметкерлерiнiң арасында ең үздiктерге қосымша жеңiмпаз атағы берiлуi мүмкiн;

- «Мейiрiм жолында» номинациясы белгiлi бiр уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусiз көмек көрсеткен жандарға берiледi;

- «Қайырымдылық тарихы» номинациясы қайырымдылық, әлеуметтiк мәселелердi үздiк жариялағаны үшiн журналистке немесе шығармашылық ұжымға берiледi;

 — «Бала жүрегi» номинациясы төтенше жағдайда көрсеткен ерлiгi мен батырлығы және қайырымдылық iске қатысқаны үшiн 6 жастан 18 жасқа дейiнгi балалар мен жасөспiрiмдерге берiледi.

- «Жануарға мейiрiм» номинациясы жануарларды қорғайтын, оларды асырауға көмектесетiн, сонымен бiрге, жануарлар әлемiне қатысты мейiрiмдiлiк пен қайырымдылықты насихаттайтын лауреатқа берiледi.

Байқауға қатысуға өтiнiмдер 2021 жылдың 30 қарашасына дейiн қабылданады.

Байқауға қатысу туралы толық ақпаратты www.fnn.kz, www.businesswomen.kz сайттарынан табуға болады.

ӨТIНIМДЕРДI ТӨМЕНДЕГI ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТАҒА ЖОЛДАУ ҚАЖЕТ: zhaskanattar2017@mail.ru

Анықтама телефондары: 8 7057690819 Раушан Туранова Ақмола облысы бойынша «Қайырымдылық керуенi жобасының координаторы.