Степногорск қаласының әкімі тағайындалды.

Степногорск қаласының әкімі тағайындалды.

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Степногорск қаласының әкімі болып Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы тағайындалды.

Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы 1983 жылы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кентінде дүниеге келген.

2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірді.

2006-2007 жылдары – «Адока» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Астана қаласы.

2007 жылдың мамырынан 2009 жылға дейін – «Arina» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Астана қаласы.

2009 жылдың наурызынан 2010 жылдың наурызына дейін – Шортанды ауданы, Шортанды кенті әкімінің орынбасары.

2010 жылдың наурыз – маусым айлары – Шортанды ауданы, Шортанды кентінің әкімі.

2010 жылдың маусымынан 2014 жылдың шілдесіне дейін – Шортанды ауданы, Шортанды кенті тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

2014 жылдың шілде айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін – Шортанды ауданы әкімінің орынбасары.

2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың қазанына дейін – Ақкөл ауданының әкімі.