Коронавирус: Қазақстанда 11 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: Қазақстанда 11 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр

15 қыркүйектегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта - Түркістан облысы.