Мамин: Білім мекемелерінде санитария нормаларының сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек

Мамин: Білім мекемелерінде санитария нормаларының сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек

Білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күн өткен сайын көп өңірлер «қызыл» аймақтан шығып жатыр. Қазірдің өзінде «сары» аймақта 5 өңір, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр. Сонымен қатар, Түркістан облысы «жасыл« аймақта. Қазіргі басты міндетіміз – қызыл аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейінің орнықты төмендеуіне қол жеткізу», - деді Асқар Мамин. Үкімет басшысы ол үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажеттігін, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында жұмысты күшейту керектігін баса айтты. «Жаңа оқу жылының басталғанын ескерсек, білім беру ұйымдарында санитариялық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстаңыздар», - деді Премьер-Министр.