Коронавирустың төртінші толқыны әлі аяқталған жоқ- дәрігер

Коронавирустың төртінші толқыны әлі аяқталған жоқ- дәрігер

Коронавирустың төртінші толқыны әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің меңгерушісі Динара Маханбетқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртінші толқын әлі аяқталған жоқ. Антиденелердің жоғары титрі болған жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, эпидемиологиялық ахуал жақсармайды», - деді Динара Маханбетқұлова. Спикердің сөзінше, вакцина қазіргі уақытта таралып жатқан коронавирустың барлық штаммдарынан қорғануға көмектеседі. Сонымен қатар, вирусқа қарсы әрі тұрақты иммунитет пайда болады. «Аурудан кейін қалыптасатын табиғи иммунитеттің күші адамдарда әр түрлі. Табиғи иммунитет ұзақ сақталмауы мүмкін. Вакцинация арқылы иммунитеттің дамуы оның табиғи пайда болуына қарағанда аз тәуекелге ие, өйткені COVID-19 жұқтырған кезде симптомдардың ауырлығын болжау мүмкін емес»,-дейді ол. С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ алғашқы медициналық-санитарлық көмек кафедрасының меңгерушісі коронавирус жағдайында білікті медициналық көмекке дер кезінде жүгіну өте маңызды екенін айтты. « Коронавирус инфекциясының белгілері туралы айтатын болсақ, жоғары температура, ентігу, түшкіру, жөтел мен мұрынның бітелуі, бұлшықет пен кеуде тұсының ауыруы, бас ауруы мен әлсіздік. Жақында жоғарыда аталған белгілер жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты белгілермен толықты»,- дейді дәрігер.