Құрметтi көлiк қызметкерлерi, темiржолшылар, ардагерлер!

Құрметтi көлiк қызметкерлерi, темiржолшылар, ардагерлер!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен — Қазақстан Республикасының көлiк қызметкерлерi күнiмен шын жүректен құттықтаймын! Дендерiңiзге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тiлеймiн!

Бiздiң елiмiзде жүргiзiлген дұрыс саясаттың нәтижесiнде халыққа қызмет көрсететiн көлiктiң барлық түрiнiң тиiмдiлiгi мен өнiмдiлiгi тұрақты түрде артып келедi.

Егемендiк алған жылдар iшiнде елiмiзде жаңа темiр жолдар мен автомобиль жолдары салынды, бұл уақытты қысқартуға және жолаушылар мен жүк тасымалының сапасын жақсартуға мүмкiндiк бердi. Бұл қадамдардың барлығы елiмiздiң одан әрi әлеуметтiк-экономикалық дамуына бағытталған.

Көлiк саласы барлық уақытта аймақтардың экономикалық және өнеркәсiптiк дамуына, экономикалық және сауда байланыстарының кеңеюiне негiз болды. Бұл саладағы жұмыс қиын және жауапты, жоғары кәсiби шеберлiктi қажет етедi.

Бүгiнгi күннiң талабы — бiздiң жетiстiктерiмiздi насихаттау, көлiк қызметкерлерiнiң әлеуметтiк жағдайын жақсарту, халыққа көрсетiлетiн қызмет сапасын жақсарту.

Көлiк саласының жұмысшылары мен ардагерлерiне шынайы ризашылығымды бiлдiре отырып, олардың тәуелсiз елiмiздiң игiлiгi жолындағы жұмыстарына сәттiлiк тiлеймiн!

Еркебұлан Баяхметов, қала әкiмi.