Hayat Vax вакцинациясы туралы не бiлемiз

Hayat Vax вакцинациясы туралы не бiлемiз

ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Hayat Vax вакцинасына қатысты толық ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы — бұл белсендiлiгi жойылған коронавирус инфекцияға қарсы вакцина, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (БАӘ), Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндiрiсiнде шығарылған. Hayat Vax вакцинасын БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлiгi 2020 жылдың 9 желтоқсанында тiркедi, содан кейiн Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тiркелдi. Бүгiнгi күнi Қытайдан басқа вакцина БАӘ-де өндiруге мақұлданды. Арнайы мәлiметтерге сай Әлемнiң 34 мемлекетiне бұл вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолдануға жiберiлген. Hayat Vax вакцинасының қауiпсiздiгi Hayat Vax –вакцинасын жасау үшiн байырғы, бiрақ дәлелденген белсендiлiгi жойылған вакцина жасау технологиясы қолданылады. Осы технологияның көмегiмен вирус организмде қорғаныс антиденелерiн түзу қабiлетiн сақтай отырып, жойылады. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша инактивацияланған вакциналардағы адъюванттардың зиянсыз екендiгi дәлелдендi. Адъюванттар — инактивтi вакцинаның құрамындағы қосалқы заттар ретiнде олар иммундық жүйенi ынталандырады және организмдегi иммунитеттiң ұзақтығына ықпал етедi. Hayat Vax вакцинасында консерванттар жоқ. Вакцина бiр дозалық құтыда қол жетiмдi. Hayat Vax Синофарм вакцинасының негiзiнде жасалынғандықтан барлық сипаттамасы вакцинасына сәйкес келедi, ал ол вакцина сынаудың үшiншi кезеңi Аргентина, Бахрейн, Египет, Марокко, Пәкiстан, Перу және Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнде (БАӘ) өткiзiлдi, оған 68000 астам адам қатысты. Иммунизациядан кейiнгi жағымсыз көрiнiстер (бұдан әрi — ИКҚК), соның iшiнде вакцинациялаудан кейiн ауыр аллергиялық реакциялар тiркелмеген. Hayat Vax вакцинасы тиiмдi ме? Қазiргi күнi бұл вакцинаның бүкiл Әлемде 10 миллионнан астам дозасы қолданылған және ешқандай жағымсыз жағдайлар тiркелмеген. Қол жетiмдi және аралық нәтижелерге сүйене отырып дәлелденген мәлiметтер: COVID-19 инфекциясына қарсы тиiмдiлiгi 79,3%; Аурудың орташа және ауыр жағдайларының алдын алуда тиiмдiлiгi 100%. Вакцина иммундық жауапты қалай тудырады? Коронавирустық инфекция вирусының белсендiлiгi жойылып (өлтiрiлiп), тазартылған бөлшектерiн енгiзуге жауап ретiнде дененiң иммундық жүйесi ынталандырылып, ерекше антиденелер түзiледi. Ал коронавирустық инфекцияның патогендi вирусы ағзаға түскенде, вакцинациядан кейiн алдын ала жасалған антиденелер вирустық белоктарға жабысып, оларды блоктайды. Бұл жағдайда вирус денеге зиян келтiре алмайды. Көптеген адамдарды вакцинациялау ұжымдық иммунитеттi қалыптастыруға ықпал етедi. Неғұрлым көп адамдар вакцинацияланған болса, олардың ауруға шалдығу мүмкiндiгi аз болады. Коронавирус iндетiнiң одан әрi таралуын тұрақтандыру және алдын алу үшiн халық арасындағы вакцинациялау 60% -дан кем емес деңгейде тұрақты ұстау керек. Hayat Vax вакцинасымен вакцинациялау кiмге арналған? Hayat Vax вакцинасы 18 жастан асқан ересек адамдарға арналған (әсiресе созылмалы ауруларының өршу кезеңi жоқ кезiнде егде адамдарға). Hayat Vax вакцинасын кiмге алуға болмайды? Вакцинаның кез-келген компонентiне (белсендi және қосымша заттарына) ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдар немесе осы вакцинаны алдыңғы дозасын енгiзгенде аллергиялық реакциялар болғанда; Ғылыми зерттеулер вакцинаның келесi топтар үшiн қауiпсiз екенiн дәлелдегенге дейiн вакцина қолдануға кеңес берiлмейдi: жүктiлiк кезiнде, бала емiзетiн аналарға; 18 жасқа дейiнгi балалар мен жасөспiрiмдерге; Вакцина УАҚЫТША ұсынылмайды: Бұлшықетке инъекция жасау барысында қан кету қаупiне байланысты температурасы көтерiлумен қатар жүретiн жедел инфекциялық аурулары бар адамдар. Вакцинациялау сауыққаннан кейiн екi-төрт аптадан кейiн ұсынылады. Ағымдағы уақытта созылмалы ауруларының өршуi байқалған адамдар. Мұндай науқастарға вакцинация тек аурудың ремиссиясы кезiнде ұсынылады. Жақын арада жүктiлiктi жоспарлайтын әйелдер. Қазiргi күнi вакцинаның 2-шi дозасын алғаннан кейiн 2 ай өткеннен соң жүктiлiктi жоспарлау ұсынылады. ПТР-әдiсi бойынша Covid-19 оң нәтиже көрсеткен адамдар; Жұқпалы ауруы бар адамдармен, оның iшiнде Covid-19-мен карым-қатынаста болған адамдар. Еске салсақ, Қазақстан БАӘ өндiрiлген Hayat-Vax вакцинасының партиясын сатып алды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/hayat-vax-vakcinaciyasy-turaly-ne-bilemiz_a3783833