Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 1 млн 400 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 1 млн 400 мыңға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — 3 мамырдағы мәлiмет бойынша Қазақстанда 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлiгiне сiлтеме жасап. Ел бойынша 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы екпенiң бiрiншi компонентiн салдырған. Ал екпенiң екiншi компонентiн алғандар 312 197 адам. Өңiр арасында екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы, Алматы, Түркiстан, Қарағанды облыстарының тұрғындары алда. Еске салсақ, 28 сәуiрде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған миллионыншы адам тiркелген болатын.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-koronaviruska-karsy-vakcina-algandar-sany-1-mln-400-mynga-zhuyktady_a3783787