Абай Байгенжин: «Спутник V» ең табысты әзiрлемелердiң бiрi

Абай Байгенжин: «Спутник V» ең табысты әзiрлемелердiң бiрi

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналардың қауiпсiз әрi тиiмдi екенiн айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. «Бiз Мәскеуге арнайы барып, профессор Гинцбург басқаратын Н.Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығында болдық. Екi күн iшiнде бiзге «Спутник V» вакцинасының бүкiл тiзбегi мен даму механизмi көрсетiлдi. Бiз бұл вакцина кеңес дәуiрiнде жасалған ең сәттi әзiрлемелердiң бiрi екенiне көз жеткiздiк. Бiз коронавирустың қандай қауiптi ауруы екенiн жақсы бiлемiз. Онымен күресудiң вакцинадан басқа балама жолы жоқ», — дедi медицина ғылымдарының докторы. Ғалым вакцина ауру туғызбайтынын, өйткенi ондағы вирус бөлшектерi өлтiрiлген күйде болтанын клиникалық зерттеулер айқын көрсеткенiн айтады. «Елордада вакциналау пунктерiн қоғамдық орындарда орналастырып жатқанымыз өте дұрыс. Мұндай пандемия жағдайынан бәрiмiз бiр бағытта ойлап, вакцина алсақ қана аман шыға аламыз. Құрметтi қала тұрғындары, дәрiгерлер, мен сiздердiң әрiптестерiңiздiң бiрi ретiнде, елорда тұрғыны ретiнде вакцинадан қорықпауға шақырамын», — дедi Абай Байгенжин. Бұған дейiн хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина егу алдында антиденелердiң бар-жоғын анықтау қажеттiлiгiне қатысты пiкiр бiлдiрген болатын.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсендi сiлтеменi пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/abay-baygenzhin-sputnik-v-en-tabysty-azirlemelerdin-biri_a3782573