Ақмола облысында сауда ойын-сауық орталықтары сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтін болды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагуль Мусина өткен брифингте мәлімдеді

Ақмола облысында сауда ойын-сауық орталықтары сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтін болды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагуль Мусина өткен брифингте мәлімдеді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 9 қаулысынамынадай өзгерістер енгізілген:

Төменде көрсетілген объектілерге жұмыс істеуге рұқсат берілген:

-көрермен залында келушілерді отырғызған кезде бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып,  20% толған  кезде кинотеатр мен театр;

-сауда алаңының 1 адамға 4 ш.м. есебінен сауда аймақтарда (бутиктерде) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар қызметіне рұқсат беруді;

-келушілер санын30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. орын сақталған азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) қызметіне рұқсат беруді;

-30%-дан асырмай сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының қызметін шектеу.Балалар ойын алаңдарының, аттракциондар мен балалар ойын бөлмелерінің қызметіне тыйым салуды;

-клиент залында (4 ш.м. 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтары шекаралары белгіленіп, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтық сақталған сұлулық салондары, шаштараз, маникюр және педикюр қызметтері, косметология қызметін көрсететін объектілер қызметіне;

-қоғамдық монша (демалыс бөлмесіз, ас ішетін орынсыз және жуыну уақытын 60 мин. дейін  шектей отырып) жұмыс істеуі;

- қалааралық автобус, микроавтобус қозғалысына рұқсат беріледі.

2021 жылғы 1 наурыздан қосымша рұқсат етіледі: 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

сыныпта бала саны 15-ке дейін контингенті 300 оқушыға дейін қала және ауыл мектептерінде дәстүрлі форматта оқытуды;

2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беру мектептерінде1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда;

аралас оқытуға (9, 11 (12) сынып) бітіруші сыныптары үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70%-ын дәстүрлі форматта, 30%-ы қашықтықтан (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 кабинетте 1 сынып-қағидатымен оқыту, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30%-дан артық болмауы керек, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін күшейту);

білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топта 15 адамнан артық емес оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

колледж бен жоғары оқу орындарының I курс студенттерін екінші

семестрден бастап аралас оқытуға рұқсат беруді;

ас залында бір мезгілде 60 баладан артық емес, бірақ отыратын

орындарын 50%-дан артық болдырмай, білім объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат беру;

штаттық кестеде 50-ден артық қызметкер болғанда,

қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады;

Көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттағы көпшілік, ойын-сауық, мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоративтер, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады.

Сөздің соңында спикер Ақмола облысы тұрғындарына қоғамдық

тамақтандыру объектілерінде және үйде ұйымдастырылатынкөпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шараларға (отбасылық, естелік (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоративтер, дұға) және ҚР және Ақмола облысы  БМСД-нің қолданыстағы қаулылары негізінде қызметі шектелген объектілерге барудан бас тартуды  ұсынады.