АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес партияның қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Еркебұлан Баяхметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық сала, шағын бизнесті дамыту, сондай-ақ жер сипатындағы мәселелер қаралды.

Қабылдау кезінде азаматтардың өтініш білдірген сұрақтары қаралып, қолданыстағы заңнама аясында әрқайсысына түсініктеме берілді. Қала әкімінің жауапты орынбасарларына, бөлім басшыларына және кент әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Әкім азаматтардың барлық өтініштерін жеке бақылауына алды.