Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Еркебұлан Баяхметовтың төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Степногорск өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығы, 2021 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқынын апатсыз өткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және "Көктем-2021" РКШО өткізуге дайындық туралы қалалық ТЖ басқармасының бастығы Ерлан Айдрахманов хабарлады.

Қалалық бюджетте төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қаржы қаражаты қарастырылған, 500 тонна инертті материалдар, 2000 дана қаптар, 10 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалған.

Еркебұлан Баяхметов қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына бірқатар тиісті тапсырмалар берді.