Коронавирус: Израиль тұрғындарының көпшілігі вакцина алып, елде шектеу шаралары алынды

Коронавирус:  Израиль тұрғындарының көпшілігі вакцина алып, елде шектеу шаралары алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль қалыпты өмірге оралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап. 21 ақпан, жексенбіден бастап Израиль коронавирус инфекциясының таралуына байланысты енгізілген шектеу шараларын алып тастады. Тұрғындардың жартысына жуығы кем дегенде вакцинаның алғашқы бөлігін алып үлгерді. Елде спорт залдары, қонақүйлер мен діни мекемелердің жұмысы жанданды. Келушілерде вакцина жасағаны немесе антидененің бар екенін дәлелдейтін құжат әкелуі қажет. Екпе немесе антидененің бар екені туралы мәлімет Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырыс бойынша жасалған арнайы мобильдік бағдарламада көрсетіледі. Сондай-ақ, Израильде барлық дүкеннің жұмысы жанданады, оларға бару үшін коронавирусқа инфекциясына қарсы иммунитеттің бар екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Израиль тұрғындары бұрынғыша әлеуметтік қашықтық сақтауға міндетті. Банкет залдары мен мейрамханаларда билеуге тыйым салынған, ал мешітке, синагогке, шіркеуге бір уақытта келетін адам саны жартысынан аспауы керек. Израильдегі вакцинация кампаниясы – әлемдегі ең белсенді және жылдам кампаниялардың бірі. Pfizer вакцинасының алғашқы бөлігін 9 миллион халықтың 45%-дан астамы алып үлгерді. Ел билігінің мәліметі бойынша, вакцинаның екі дозасының тиімділігі - 95,8%. Израильде пандемия басталғалы 740 мың адам коронавирус жұқтырып, 5500-ге жуығы қайтыс болды. Ел билігі былтыр үш рет қатаң карантин тәртібін енгізді. Израиль үкіметі төртінші карантин болмайды деп уәде берді.