Аурудың жоғарылауы бойынша облыс қызыл аймақта

Аурудың жоғарылауы бойынша облыс қызыл аймақта

«Аурудың жоғарылауы бойынша облыс қызыл аймақта. Бүгiнгi таңда пандемия басталғаннан берi 8558 жағдай тiркелдi. Аурулардың ең көп саны Көкшетау қаласында — 45%, сондай-ақ Степногорск қаласы, Бурабай, Сандықтау, Зерендi аудандарында», — дейдi Ақмола облысының бас санитар дәрiгерi Айнагүл Мусина.

Айнагүл Советқызы кәсiпкерлiк субъектiлерiне карантиндiк шараларды сақтау қажеттiлiгiн тағы да еске салды. Мысалы, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн айыппұл — 230 АЕК (670 910 теңге), жеке тұлғалар үшiн — 30 АЕК (87 510 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн — 1600 АЕК (4 667 200 теңге).

Тұрақты бұзушылықтар тiркелген жағдайда, кәсiпкерлiк нысандарының жұмысын 3 айға дейiн тоқтатуы мүмкiн.

Айтпақшы, бүгiнгi күнi анықталған бұзушылықтар үшiн 123 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.