Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймын! Өткенге көз жүгіртіп жылды қорытындылаймыз, сенім мен үмітпен болашаққа жоспар құрамыз.
2020 жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ, біздің еліміз бүкіл әлемге қауіп төндіретін пандемияға қарсы тұруды жалғастыруда. Осыған қарамастан, біз қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында негізгі көрсеткіштер бойынша жаңа биіктерге жеттік. Маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында да жетістіктеріміз бар.
Жаңа жыл – әсіресе өскелең ұрпақ үшін ең күтілетін мереке. Мерекеге дейін бір ай арманда және ғажайыпты күтуде өтеді. Барлық тілектеріңіздің орындалғанын тілеймін. Алда қаланың тыныс-тіршілігін жандандыру жолында әлі де біраз жұмысты жүзеге асыру міндеті тұр. Біз елімізді дамытуға, оның халықаралық аренадағы беделін арттыруға ұмтылуымыз керек
Жаңа 2021 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Жаңа жылдарыңызбен!
Құрметпен, Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов.