Сапар барысында «VIAMEDIS» ЖШС қалалық емханада жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта 3 және 4 қабаттарда жөндеу жұмыстары аяқталды, медициналық жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. «А» блогындағы жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың ақпан айының басында аяқтау жоспарланып отыр.