Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ыдырысов Қанат Мұратұлы Степногорск қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол алдағы уақытта өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық барысымен танысты. Ол санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына баса назар аударды.
Содан кейін ол қол жетімді және қызмет көрсететін әкімдікте, қаланың аумақтық сайлау учаскелерінде болып, «Горняк» орталық мәдениет үйіндің жөндеуімен, тарихи-өлкетану мұражайының қызметімен танысты, сонымен қатар «Өмір» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының орталығы мен Индустриалды-техникалық колледжінде болды. Нәтижесінде бірқатар нұсқаулар берілді.